ЦСКА Зайнутдиновтің командада өткізген бірінші күні туралы видео шығарды

Бахтиер Зайнутдинов. Сурет ЦСКА сайтынан алынды.
Мәскеулік ЦСКА командасы YouTube арнасында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің ұжымдағы бірінші күні туралы видеоблог шығарды. 

Қазақстандық жартылай қорғаушымен бірге командаға Бразилия жастар құрамасының қорғаушысы Бруно Фукс қосылған болатын. Екі футболшы да бес жылдық келісімшарт жасады. 



Зайнутдинов ЦСКА сапындағы бірінші кездесуін командаға ауысқаннан кейін ертесіне өткізді. Мәскеулік команда бұл ойында "Краснодар" командасымен кездесу. Отандасымыз матчтың 54-минутында шабуылшы Федор Чаловтың орнына келді. Ал ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. 

Айта кетейік, Зайнутдинов 2019 жылдың басында "Ростов" сапына ауысқан болатын. Бұл команда сапында жартылай қорғаушы 35 кездесуге қатысып, төрт гол және екі нәтижелі пас берді. 


Метки:
Жаңалықтар