"ЦСКА сирек қателеседі". Ресейлік тілші қазақстандық футболшының деңгейі жоғарылағанын айтады

Сурет "Ростов" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов алдағы уақытта "Ростовтан" мәскеулік ЦСКА командасына ауысуы мүмкін. Осы орайда танымал ресейлік тілші Игорь Рабинер Vesti.kz тілшісіне бұл трансфер туралы не ойлайтынын айтты. 

"РБ-Спорт" басылымының мәліметі бойынша, Зайнутдинов медициналық тексерістен өтіп, ЦСКА командасымен келісімшарт жасайды екен. 

"ЦСКА трансфер жасағанда сирек қателеседі. Зайнутдинов болса Ростов сапында Валерий Карпиннің қол астында прогресс жасады. ЦСКА басшысы Евгений Гинер мен Роман Бабаев ылғи жас футболшыларды алады. Зайнутдинов бұл командаға қосылып, жақсы нәтиже көрсетеді деп ойлаймын", - деді Рабинер. 

Айта кетейік, отандасымыз "Ростов" сапында 2019 жылдың басынан бері ойнап келеді. Биыл ол Ресей біріншілігінде 4 кездесуге қатысты. Ал өткен маусымда 17 ойында ойнап, төрт гол соғып, екі голдық пас берген.





Метки:
Жаңалықтар