Италиялық "Милан" мен мәскеулік ЦСКА командасының бұрынғы футболшысы жапониялық Кейсуке Хонда карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін болған,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Sportinfo.az порталының ақпараты бойынша, 34 жастағы жартылай қорғаушыға қазақстандық клубтардың бірі ұсыныс тастаған. Бірақ ол ұсыныстан бас тартып, әзірбайжандық "Нефтчи" командасына ауысқан.
Айта кетейік, Хонда 2010 және 2013 жылдар аралығында ЦСКА командасында ойнаған. Ол мәскеулік командамен Ресей чемпионы атанып, Ресей кубогін және Ресей Суперкубогін жеңіп алған. Содан соң "Милан сапына ауысып, Италия Суперкубогінің иегері атанған.
Хонданың соңғы клубы бразилиялық "Портимоненсе" болды. Бірақ бұл команда сапында ол бірде-бір ойын өткізген жоқ.