ЦСКА жарақат алған Зайнутдиновтің жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Сурет ЦСКА сайтынан алынды.

Мәскеулік ЦСКА командасы өзінің ресми сайтында жарақатынан кейін қосылған футболшылардың жағдайы туралы ақпарат жариялады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Қорғаушы Бруно Фукс пен жартылай қорғаушы Константин Кучаев қазіргі уақытта Австрия жерінде жаттығу өткізіп жатқан ЦСКА ойыншыларымен бірге дайындалуда. 

Бактиёр Зайнутдинов, Георгий Щенников және Арнор Сигурдссон жаттығу жиындарының соңына дейін әлі жеке дайындалады", - делінген клубтың сайтындағы ақпаратта. 

Айта кетейік, ертең Алексей Березуцский жаттықтырып жатқан бұл команда "КСВ-1919" командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Содан соң команданың Австрия жеріндегі дайындықтары аяқталады. 

Еске салайық, осы жаттығулардың алдында ЦСКА сапына қазақстандық маман Григорий Бабаян қосылған болатын. Ол бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарып жатыр. 

Метки:
Жаңалықтар