"Тобылдың" төрт футболшысы клубпен келісім-шартын ұзартты
©fc-tobol.kz
Ел біріншілігінде өнер көрсететін қостанайлық "Тобылдың" төрт футболшысы клубпен келісім-шарттарын ұзартты, деп жазады Vesti.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Ел біріншілігінде өнер көрсететін қостанайлық "Тобылдың" төрт футболшысы клубпен келісім-шарттарын ұзартты, деп жазады Vesti.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Клуб басшылары Денис Главина, Виктор Дмитренко, Дмитрий Мирошниченко және Альмир Мухуитдинов сынды футболшылармен жаңа бір жылдық келісім-шарт жасады.
Айта кетейік, биылғы маусымда Главина ел біріншілігінде 27 ойынға қатысып, 1 гол соқты. Ал, Дмитренко мен Мирошниченко 30 ойынға қатысса, Мухутдинов 23 кездесуге қатысып, мүлде гол соққан жоқ.
Жарнама