"Тобылдың" легионері Түркияда операция жасатты

Сурет "Тобылдың" ресми сайтынан алынды.
Қостанайлық "Тобылдың" қорғаушысы Стивен Эзе маусым алдында алып қалған жаратын емдеу үшін Түркияда ота жасатты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Қазіргі уақытта футболшы операция жасатқан емханасында қалыпқа келу курстарынан өтіп жатыр. Жуық арада ол Қостанайға қайта оралып, ақырындап жаттығуға кіріседі. 

""Тобыл" футбол клубының барлық ұжымына сонымен қатар барлық жанкүйерлер мен тілеулес болған адамдарға алғыс айтқым келеді. Сіздердің қолдауларыңыз маған қатты көмектесті", - деп жазды Стивен Эзе Instagram парақшасында. 

Еске салайық, нигериялық футболшы "Тобыл" сапына қаңтарда қосылды. Transfermarkt мәліметі бойынша, қостанайлық клуб футболшымен жыл соңына дейін келісімшарт жасасыпты. Маусым алдындағы жаттығулардың бірінде ол жарақат алып, ел біріншілігінің алғашқы кездесулеріне қатыса алмады. Сосын "Тобыл" бапкерлері қорғаушыны тек сәуір айында ғана чемпионатқа қатыса алатын футболшылардың тізіміне қосты. 





Жаңалықтар