Грузиялық Lelo.ge басылымы қазақстандық «Тобылдың» жетекші футболшылары Джаба Канкава мен Ника Квеквескири мансабын басқа шетелдік клубтарда жалғастыруы мүмкін екенін хабарлады.
Бюджеттің қысқаруына байланысты қостанайлық клубқа өз көшбасшыларын ұстап қалу қиын болатыны атап өтілді. Жақында Канкава «Динамо Тбилисидің» ұсынысынан бас тартты. Тіпті оған Динамо (Батуми) мен Түркия клубтары да қызығушылық танытты.
Ал Квеквескириге тек Грузияның үздік клубтарынан ғана емес, сонымен қатар, Түркия мен Польша командаларынан ұсыныс түсті.
Естеріңізге сала кетейік, «Тобыл» өткен маусымда чемпионатты екінші орынмен аяқтады. 34 жастағы Канкава 19 матчта бір гол соқты, ал 28 жастағы Квеквескири 16 ойынға қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Өткен жылы екеуі де Грузия құрамасына шақырту алды.