КПЛ
24 маусым 2020 22:02

"Тобылдың" бұрынғы қақпашысы жаңа клуб тапты

Эмиль Балаев. Сурет "Тобыл" клубының ресми сайтынан алынды.
Өткен маусымды қостанайлық "Тобыл" сапында өнер көрсеткен Әзірбайжан құрамасының қақпашысы Эмиль Балаев карьерасын отанында жалғастырады. Оның жаңа клубы "Карабах" болмақ, деп хабарлайды Vesti.kz


Балаев осы жазда Қазақстан біріншілігіне ауысады деп күтілген еді. Тіпті оған еліміздің бірнеше клубы қызығушылық білдірген. Бірақ, 26 жастағы қақпашы агдамалық клубтың намысын қорғайтын болып шешіпті. Жаңа клубымен ол екі жылдық келісімшарт жасаған. 

Наурыз айынан бері қақпашы "Зиря" клубында ойнап келді. Бұл клубпен Балаев 30 маусымға дейін шартнамаға қол қойған. Індеттің салдарынан бұл клубтың сапында ол тек бір ғана кездесу өткізіп үлгерді. Кейін Әзірбайжан біріншілігі мерзімінен бұрын аяқталды. Ал "Заря" болса 25 ұпаймен бесінші орынға тұрақтады. 45 ұпай жинаған "Карабах" ел чемпионы атанды. 

2019 жылды Балаев "Тобыл" сапында өткізді. Қостанайлық клуб сапында ол 31 кездесуге қатысып, 22 гол жіберген. "Тобылға" Григорий Бабаян келгеннен кейін қақпашы клубтан кету туралы шешім қабылдады. Оның орнына жаңа бапкер "Шахтерден" Игорь Шацкий мен "Астанадан" Александр Мокинді алды. 

Оған дейін қақпашы әзірбайжанлық "Нефтчи", "Сумгаит", "Араз-Нахчыван", "Сабаил" және гермениялық "Айтрахт" клубтарының сапында ойнаған. 

Transfermarkt бұл қақпашыны 950 мың еуроға бағалап отыр.