“Тобылдан” кеткен Фонсека карьерасын ҚПЛ-дің басқа командасында жалғастырады

Сурет “Ертіс” сайтынан алынды

Португалиялық жартылай қорғаушы Карлос Фонсека “Қызыл-Жар” командасымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Екі апта бұрын ол еркін агент ретінде “Тобылдан” кеткен еді. Оған Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін үш клуб қызығушылық білдірді. Бірақ Фонсеканың өзі “Қызыл-Жар” командасын таңдады.

Айта кетейік, “Қызыл-Жар” командасы бразилиялық Данило Алвес кеткен соң шабуыл шебін күшейтін жатыр. Бұған дейін команда “Астана” командасының шабуылшысы Семир Смайлагичті жалға алды.

Метки:
Жаңалықтар