ҚПЛ
27 шілде 2020 14:52

"Тобыл" трансферлік құны миллион еуро тұратын шабуылшымен қош айтысты

Сурет "Тобылдың" сайтынан алынды.
Қостанайлық "Тобыл" грузиялық шабуылшы Лука Зарандияның командадан кеткенін хабарлады. 

Шабуылшы бельгиялық "Зюльте Варегем" командасынан жалға келген болатын. Шілдеде оның жалға беру мерзімінің уақыты аяқталған. Сондықтан да ол өз клубына қайта оралады. 

Зарандия "Тобыл" сапында ел біріншілігінде бар болғаны екі кездесуге қатысып, бір гол соқты. 

Айта кетейік, 2014 жылы шабуылшы бельгиялық "Гент" сапына ауысып, кейін тбилисилік "Локомотивке" қайта кеткен еді. Бір маусымнан кейін ол Польша біріншілігінде ойнайтын "Арка" командасына барып, үш маусым ойнады. Бұл командамен Лука Польша кубогін және екі рет Польша суперкубогін жеңіп алды. Оның соңғы командасы "Зюльте Варегем" болды. 

Өткен маусымда "Зюльте Варегем" шабуылшыны "Арка" командасынан сатып алды. Transfermarkt мәліметі бойынша, оның нарықтағы құны 1,3 миллион еуро екен. Жаңа командасымен ол 2022 жылдың жазына дейін келісімшарт жасады.