"Тобыл" тағы бір футболшының командадан кеткенін хабарлады

Ника Квеквескири. Сурет: ҚФФ
Қостанайлық "Тобыл" Грузия құрамасының 28 жастағы жартылай қорғаушысы Ника Квеквескиридің клубтан кететіні туралы хабарлады. Оның қостанайлық клубпен келісімшарты аяқталды.

Квеквескири "Тобыл" сапындағы алғашқы матчын 2017 жылдың маусымында өткізді. Ника қостанайлық клуб жейдесінде 84 матч өткізіп, 5 гол мен 12 нәтижелі пастың авторы атанды. "Тобылмен" бірге Квеквескири чемпионаттың қола және күміс жүлдегері болды.

Осылайша, қазіргі уақытта "Тобылдан" ресми түрде алты ойыншы кетті: Сенин Себай, Джаба Канкава, Арман Оганесян, Роман Муртазаев, Петрос Аветисян, Ника Квеквескири.
Метки:
Жаңалықтар