"Тобыл" сырт алаңда "Тұранды" ұтып көшбасына қайта оралды

Сурет "Тобыл" сайтынан алынды.

Қазақстан премьер-лигасы 19-турының екінші күніндегі кезекті матчта түркістандық "Тұран" өз алаңында қостанайлық "Тобылды" қабылдап, 2:4 есебімен есе жіберді.

16-минутта алаң иелері сапынан Темірлан Әміров тамаша соққымен есеп ашса, 33-минутта Олжас Керімжанов өз қақпасының торын өзі тулатып, есеп теңесті. 

Екінші таймның 56-минутында "Тұран" қақпасына пенальти белгіленіп, Азат Нұрғалиев мүлт кетпей, қостанайлықтарды алға шығарды. 76 минутта Темірлан Әміров матчтағы екінші голын соғып, таблодағы есепті қайта теңестірді. Ал 84-минутта Сергей Малый "Тобылды" екінші мәрте есепте алға шығарды. 87-минутта Элгудже Лобжанидзе "Тобылдың" төртінші голын соғып, кездесудің нүктесін қойды.

Осылайша қостанайлықтар 42 ұпаймен бірінші орынды қайтарып алды. Ал түркістандықтар 18 ұпаймен 12-ші сатыда келеді.

ҚПЛ. 19-тур

"Тұран" (Түркістан) – "Тобыл" (Қостанай) – 2:4 (1:1)

Голдар: Әміров (16, 76) – Керімжанов (33 – өз қақпасына), Нұрғалиев (56 – пенальтиден), Малый (84)

"Тұран": Пасеченко (Қ) (К), Живкович, Адамс, Керімжанов, Залеский, Әліпбеков, Янкович, Бөрібаев, Бочаров, Аббас, Әміров

"Тобыл": Мокин (Қ), Валиуллин (Әбілғазы, 90+4), Малый, Марочкин, Аманович, Каиров, Тағыберген (Асранкулов, 90+4), Жарынбетов, Нұрғалиев (К) (Манзорро, 79), Сильва (Тошич, 85), Николич (Лобжанидзе, 79)

Метки:
Жаңалықтар