"Тобыл" шабуылшысы Исламбек Қуат ойнайтын командаға ауысты

Сенин Себаи. Сурет "Тобыл" сайтынан алынды.
Қостанайлық "Тобылдың" шабуылшысы Сенин Себаи Ресей біріншілігінде өнер көрсететін "Химки" командасына ауысты,- деп хабарлайды Sport24 порталы. 

27 жастағы шабуылшы мәскеулік клуб сапына еркін агент ретінде қосылып отыр. Ол жаңа командасымен екі жылдық келісімшарт жасапты. 

Негізі Себаи бұған дейін Ресей біріншілігінде өнер көрсеткен. 2017/18 жылғы маусымда ол "Балтика" сапында өткізіп, 10 гол соқып, команданың үздік сұрмергені атанды. 2018/19 жылғы маусымда "Тамбов" сапында 20 кездесуге қатысып, жеті гол соққан. 

Еске салайық, "Тобыл" командасы Қазақстан біріншілігінде екінші орын алды. Ал Себаи 14 кездесуге қатысып, екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. 

Айта кетейік, дәл осы мәскеулік команда сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат өнер көрсетеді. Ол "Химки" сапында алты кездесу өткізген. 






Метки:
Жаңалықтар