Қостанайлық "Тобыл" 33 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Карлос Фонсека командадан кеткенін хабарлады.
Карлос Фонсека "Тобыл" сапында 2020 жылдың шілдесінен бері өнер көрсетті. Жалпы ол қостанайлық команда сапында 24 кездесуге қатысып, бірде-бір гол соға алмады.
"Тобылмен" бірге португалиялық жартылай қорғаушы 2021 жылғы Қазақстан Суперкубогін жеңіп алды. Сонымен қатар, өткен маусымда Қазақстан біріншілігінің қола жүлдесін иеленді.
Фонсека Қазақстан біріншілігінде "Ертіс" командасында да ойнады. Ол ел чемпионатында бас-аяғы 132 кездесуге қатысып, 13 гол соғып, 14 голдық пас берді.