КПЛ
27 шілде 2020 18:37

"Тобыл" Нигерия құрамасынының футболшысы командадан кеткенін мәлімдеді

Сурет "Тобылдың" ресми сайтынан алынды.
Нигерия құрамасының қорғаушысы Стивен Эзе "Тобыл" сапынан кетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Футболшы мен клуб жыл соңына дейін жасалған келісімшартты екі жақты келісе отырып бұзған. Эзе "Тобыл" сапына қысқа ауысып келді. Бірақ маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарында жарақат алып, ресми кездесулерге қатыса алмады. Маусым айының соңында қорғаушы Түркияда операция жасатып, қазір ақырындап жаттығу жасап жүр. 

"Бірлесе жұмыс істегені үшін "Тобыл" Стивенге алғыс айтады. Қостанайлық команда оның тез сауығып, карьерасында сәттілік тілейді", - делінген клуб таратқан хабарламада. 

26 жастағы Эзе үшін "Тобыл" екінші шет елдік клуб болды. 2018 жылдан Қазақстанға келерге дейін ол болгариялық "Локомотив" командасында ойнап, Болгария кубогін жеңіп алғанн. 

Нигерия құрамасының қатарында ол 13 кездесуге қатысқан. 2016 жылы Африка ұлттарының біріншілігінде ойнады. 2018 жылы ол әлем біріншілігіне баруы мүмкін деген футболшылардың қатарына қосылған еді. Бірақ соңында әлем чемпионатына баратын 23 футболшының қатарына қосылған жоқ.