"Тобыл" құрамын португалиялық жартылай қорғаушымен толықтырды

Карлос Фонсека. Сурет "Ертістің" сайтынан алынды.
Павлодарлық "Ертістің" бұрынғы капитаны Карлос Фонсека "Тобыл" сапына ауысты. Бұл туралы қостанайлық клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Келісімшарт бір жылға жасалыпты. "Тобыл" Фонсека үшін Қазақстандағы екінші клубы. Оған дейін жартылай қорғаушы 2015 жылдан бері "Ертіс" намысын қорғап келді. Павлодарлық клуб сапында ол 127 кездесуге қатысып, 19 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген. 

Қаржылық қиындықтарға байланысты "Ертіс" ел біріншілігінен шығып қалған соң 30 мамыр күні Фонсека еркін агент болды. Португалиялық шабуылшына "Қайсар", "Оқжетпес" және "Қызыл Жар СК" командалары өз қатарына қосқысы келген. Алайда соңғы сәтті таласқа "Тобыл" түсіп, ойыншыны өз қатарына қосып алды. 

32 жастағы Фонсека Қазақстанға келерге дейін болгариялық "Славия" және "Черноморей" клубтарында, өз елінде "Фейеренсе" командасында ойнаған. 








.
Метки:
Жаңалықтар