"Тобыл" Қазақстан чемпионатында бірінші рет жеңіліс тапты

Сурет "Тобыл" сайтынан алынды.

Бүгін, 28 сәуір күні футболдан Қазақстан чемпионатының сегізінші тур ойындары басталды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Ойын күнінің алғашқы кездесуі Ақтау қаласында өтіп, "Каспий" командасы қостанайлық "Тобылды" қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Матчтағы бірінші голды 11-минутта ресейлік шабуылшы Давид Караев соқты. Содан соң 72-минутта алаң қожайындары сапынан сериялық Никола Цуцкич көзге түсті. Қостанайлық команданың жалғыз голын қосымша уақытта Оралхан Өміртаев соқты. 

Айта кетейік, бұл "Тобылдың" биылғы маусымдағы бірінші жеңілісі. Бұл ойында қонақтардың сапынан Зоран Тошич Қазақстан біріншілігіндегі бірінші кездесуін өткізді. 

 

 

 

 

 

Метки:
Жаңалықтар