Сонымен қатар тағы бірнеше футболшы суықтап, толық жаттығу жасай алмауда. Жалпы алғанда "Тобылдың" сегіз футболшысы сырқаттанып жатыр екен.
29 маусым, яғни бүгін "Тобылдың" барлық футболшысы коронавирусқа тест тапсырады.
Айта кетейік, бұған дейін қызылордалық "Қайсар" клубының үш футболшысы вирус жұқтырып алуы мүмкін деген аұпарат шыққан болатын. Ал бір легионер вирус жұқтырып алуына байланысты Қазақстанға келмеді.
Еске салайық, футболдан Қазақстан біріншілігі 1 шілде күні басталады. Ойындар жанкүйерсіз жаңа ереже бойынша өтеді.