Тарихта бірінші рет! Қазақстан біріншілігінде әйел төреші қазылық ететін болды

Сурет: ҚФФ

Қазақстан чемпионатында алғаш рет әйел адам бас төреші ретінде қызмет атқармақ.

Премьер-лиганың 19-турындағы "Жетісу" мен "Қызыл-Жар" арасындағы матчіне Эльвира Нұрмустафина бас төреші ретінде тағайындалды.

Осылайша, ол Қазақстан Премьер-лигасында бас төреші ретінде қызмет атқарған алғашқы әйел болады.

Теміртаулық Эльвира Нұрмустафина 2019 жылдан бастап ФИФА төрешілерінің бірінші санатына кірді, бұл оған әйелдер арасындағы клубтық жарыстар мен Еуропадағы ұлттық құрамалардың матчтерінде қазылық етуге мүмкіндік береді.

Ол бұған дейін әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасы және ЕУРО-2021 U19 турниріне іріктеу матчтерінде, сондай-ақ Қазақстанның Бірінші және Екінші лигасында жұмыс істеген.

Метки:
Жаңалықтар