"Тараздың" үздік сұрмергені командадан кетті
Жамбылдық "Тараздың" португалиялық жартылай қорғаушысы Педру Эужениу командадан кетті. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлап отыр.
Жамбылдық "Тараздың" португалиялық жартылай қорғаушысы Педру Эужениу командадан кетті. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлап отыр.
31 жастағы ойыншы бүгін командамен және бапкерлермен қоштасқан. Биылғы маусымда ол "Тараз" сапында Қазақстан біріншілігінде 18 ойын өткізіп, 7 гол соққан. Эужениу - команданың үздік сұрмергені.
Португалиялық футболшы карьерасын қайда жалғастыратыны белгісіз. Қазір бұл ойыншыға "Астана", "Шахтер" және Болгарияның чемпионы "Лудогорец" командасы қызығушылық білдіріп отыр.
Айта кетейік, өткен маусымда Эужениу "Жетісу" сапында ойнады. Оған дейін португалиялық бірнеше командада өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ол "Хасково-2009", "Черно Море", "Верею", "Берое" және түркиялық "Алтай" командасының намысын қорғаған.
Жарнама