"Тараз" командасының бапкерлер қатарында өзгеріс болды. Бұл туралы "Гол емес" телеграм арнасы хабарлап отыр.
Команда екі бапкерді шеттетіпті. Олар - Александр Кучма және Самат Наурызбаев. Екеуі де тәртіпті бұзған екен.
Айта кетейік, "Тараз" соңғы алты ойында жеңіске жете алмай келеді. Қазақстан біріншілігінің 14 турынан кейін команда 19 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында келеді. Келесі ойында бұл команда 13 маусым күні өз алаңында "Қайратқа" қарсы өткізеді.