КПЛ
21 қазан 2020 17:41

"Тараз" қақпашысының қателігі "Қызыл-Жарға" жеңіс сыйлады

Сурет: KazFootball.kz ©
ҚПЛ-дің 14-туры чемпионат аутсайдерлері "Қызыл-Жар" мен "Тараз" арасындағы матчпен басталды. Сегізбаев атындағы стадионда өткен кездесу 1:0 есебімен Петропавлдық клубтың пайдасына аяқталды.

Бірінші таймда екі команда да жабық футбол ойнады, сондықтан қауіпті сәттер болған жоқ. Кездесудің екінші жартысы да осы сценарий бойынша өтті. "Қызыл-Жар" командасы 69 минутта ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды соғып кетті. Бұрыштамадан асырылған пасты «Тараздың» қақпашысы Джурахон Бабаханов ұстай алмай, допты Момоду Сисейдің аяғына салып берді. Сисей ашық қақпаны көздеуде қателескен жоқ.

"Қызыл-Жар" осы жеңістің арқасында турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып алды. 11 ұпайы бар Петропавлдық команда тоғызыншы орынға көтерілді. Ал "Тараз" 13 ұпаймен сегізінші орында тұр.