Биыл Қазақстан премьер-лигасына оралған "Елімай" футбол клубында ауыс-түйістер мен өзгерістер болуда. Клубтың даму жөніндегі жаңа директоры болып танымал актер Рүстем Омаров тағайындалды.
Біздің амбассадор - Рүстем Омаров (оны таныстыруды қажет етпейтініне сенімдіміз!) - біздің даму жөніндегі жаңа директорымыз болып тағайындалды! Рүстем кезінде футболмен кәсіби түрде айналысқан, сондықтан ол әрбір ерекшеліктерді түсінеді және де біздің клубымызды медиаконтент бойынша ең креативті және жоғары деңгейлі клубқа айналдыру үшін барын салады. Күте тұр, КПЛ, біз осындамыз! Қош келдіңіз, Рүстем!, - деп хабарлады клуб instagram парақшасында.
Айта кетейік, Рүстем Омаров – қазақстандық актер. "Сәке", "Патруль" сияқты танымал сериалдарда ойнаған.