"Тамбовтың" бас бапкері "Ақтөбені" жаттықтыруы мүмкін
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Ақтөбе" клубының бас бапкері қызметіне алғашқы үміткер ретінде ресейлік маман Сергей Первушин қарастырылуда.
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Ақтөбе" клубының бас бапкері қызметіне алғашқы үміткер ретінде ресейлік маман Сергей Первушин қарастырылуда.
51 жастағы маман тек "Тамбов" клубында жұмыс істеді. Ол 2005 жылы Тамбов қаласының атынан өнер көрсететін "Спартак" клубында футболшы ретіндегі мансабын аяқтаған болатын. Және біраз уақыт клуб басшылығында жұмыс істеді, академияда және жастар командасында жаттықтырушы болды. Первушин өткен маусымда РПЛ-да "Тамбовтың" негізгі командасына бас бапкер болып тағайындалды. Ал бұл клуб осы маусымның қорытындысы бойынша ФНЛ-ге түсіп қалды.
Бұған дейін "Ақтөбенің" қазіргі жаттықтырушысы Алексей Багаға жағдайды түзету үшін екі матч берілгені хабарланған болатын, дегенмен, облыс әкімінің шешімімен белоруссиялық бапкер 6 мамырда командадан кетеді.
Жарнама