Жасур Нарзикулов "Атқөбе" командасынан кетуі мүмкін. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлап отыр.
Қазіргі уақытта команда басшылары тәжірибелі қақпашымен келісімшартты бұзу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.
Жағдай былай да өрбуі мүмкін: Нарзикулов командада қалады. Бірақ ол үшін қақпашы жалақысын қысқартуға келісім беру керек.
Айта кетейік, 37 жастағы Нарзикулов өз карьерасында "Тобыл", "Ордабасы", "Атырау", "Тараз", "Қайсар", "Қызылқұм", "Машъал", "Андижан" командаларында ойнаған.
"Ақтөбе" 17 турдан кейін 23 ұпай жинап, оныншы орында келеді.