Тағы бір команда ел біріншілігіне дайындығын жалғастыру үшін Алматыға келді

Сурет "Қызыл-Жар СК" сайтынан алынды.
"Қызыл-Жар СК" командасы футболдан Қазақстан премьер-лигасының ойындарына дайындығын жалғастыру үшін Алматыға келді, - деп хабарлайды клубтың баспасөз хатшысы. 

Ел біріншілігі 3 тамыз күні басталады деп күтілуде. Ойындар Алматы мен Талғарда өтеді. 

Бұған дейін жаттығу жұмыстарын жалғастыру үшін актаулық "Каспий" командасы келген еді. Олар қазір "Жас Қыран" стадионында дайындалып жатыр. 

Еске салайық, "Қызыл-Жар СК" биыл екі кездесу өткізіп, үш ұпай жинады. Турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр. "Каспий" болса үш ойында әлі ұпай алмады. 




Метки:
Жаңалықтар