Тағы бір қазақстандық футболшы шет елдік командаға ауысты

СУрет: "Қызыл-Жар СК"
Футболдан Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы қорғаушысы Карам Сұлтанов әзірбайжандық "Сумгайт" клубына ауысты,-деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Биылғы маусымды ол ақтаулық "Каспий" құрамында бастаған еді. 

Сұлтанов пен "Сумгайт" арасында екі жылдық келісімшарт жасалыпты. 2019/2020 маусымда әзірбайжандық клуб өз чемпионатында төртінші орын алды. Осылайша бұл команда өз тарихында бірінші рет Еуропа лигасында ойнайды. Команданың бас бапкері жергілікті маман Айхан Аббасов. 

Бұған дейін Сұлтанов "Ордасының" жастар командасында және "Бәйтерек", "Қызыл-Жар СК" командаларында ойнаған. 2020 жылдың басында ол "Каспийге" ауысқан еді. Бірақ ақтаулық команда сапында ол біріншілігінде бірде-бір кездесу өткізген жоқ. 

Transfermarkt порталы 24 жастағы қорғаушыны 175 мың еуроға бағалап отыр. 





Метки:
Жаңалықтар