"Мен футолшының жасы маңызды емес екенін айтқанмын. Ол 18-де ме, 36-да ма бәрібір. Бастысы оның деңгейі мен физикалық дайындығы жоғары болса болды. Патрик (Твумаси) пен Неманья (Максимович) бізге келгенде жастары небәрі 18-де еді. Бірақ олар ойнауға дайын болды. Постниковтің жасы 32-де. Алайда ол әлі күнге дейін жақсы ойнайды. Аршавин мен Тимощукті қараңыздар. "Қайратқа" келгенде олар да жас емес еді. Қазақстанда өз деңгейлерін көрсетті.
Вагнер - керемет футболшы. Ресейде жоғары деңгейін көрсетті. Сондықтан оның ойынына ешқандай сұрақ болмау керек. Дегенмен де, мен оның ойынын көрмегелі біраз болды. "Қайратқа" көмектесетін шығар деп ойлаймын", - деді бапкер.
Еске салайық, Лав "Қайрат" сапына еркін агент ретінде ауысқан болатын. Алматылық клуб сапында ол тоғызыншы нөмірмен ойнайды.
Нұралы Әліптің болашағына байланысты бапкер былай деді:
"Біз оны 18 жасында жайдан-жай ұлттық құрамаға шақырған жоқпыз. Мұның өзі көп нәрсені айтатын шығар. Оның жақсы тұстары да бар. Бірақ әлі көп жұмыс істеу керек. Ол жоғары деңгейде ойнай алады. Ол үшін Қазақстан біріншілігінен кету керек".
Еске салайық, оыс аптада Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" қорғаушысы Нұралы Әліпке Ресей және Еуропа клубтары қызығушылық білдіріп отырғаны хабарланды.