"Спартактың" бұрыңғы дәрігері Бахтиер Зайнутдиновтің қатарға қашан қосылатынын айтты
Мәскеулік "Спартак" командасында жұмыс істеген дәрігер Дю Хуншен Metaratings.ru порталына берген сұқбатында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтің қатарға қашан қосылатынын айтты. Еске салайық, ол 25 мамыр күні Германия жерінде операция жасатқан болатын.

"Әдетте отадан кейін бір аптада жіпті шешу керек. Егер ешқандай қиындық болмаса әрине. Ол кезде футболшы бір айда қатарға қосылады. Бірақ жағдай қиындап кетсе, онда ойыншының қатарға қосылатын уақытын дөп басып айту қиын болады. Зайнутиндиновтің жағдайы жаұсы шығар. Ол маусым айының соңында командамен бірге жаттығуға кірісе алады", - деді дәрігер.
Айта кетейік, өткен Ресей біріншігінің маусымында жартылай қорғаушы ЦСКА сапында 18 кездесу өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның жарақат алып қалғаны туралы наурыз айында Қазақстан құрамасының жаттығуы кезінде белгілі болды.
Мәскеулік команда болса жаңа маусымға дайындықты 14 маусым күні бастайды.
Жарнама