auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сөзсіз "Астанаға" Максимович пен Каньястың жоқтығы әсер етеді - Андрей Аршавин

Сөзсіз "Астанаға" Максимович пен Каньястың жоқтығы әсер етеді - Андрей Аршавин
"Қайрат" ФК ресми сайтынан
Алматылық "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында "Астанаға" қарсы Қазақстан Суперкубогы үшін өткен кездесу жайлы ойымен бөлісті.

- Алғашқы таймды бірқалыпты өткіздіңіз. Екінші 45-минуттықта алдыңызға қандай да бір тапсырма қойылды ма?

- Ерекше тапсырма берді деп айта алмас едім. Тек бапкер өз ойынымызға қайта оралуды сұрады, допты жерде көп ұстап, жоғарыдан пасты жиі бермеу өтінді. "Астана" шабуылын үдете түскенде, олар допты жоғарыдан берудің жиілетті. Себебі елордалық футболшылар жоғарыдан ойнауға әдеттенген.

- "Астана" өткен маусымға қарағанда күшейе түскен бе, әлде керісінше әлсіреген бе?

- "Астана" - мықты ұжым. Алайда оларға Максимович пен Каньястың жоқтығы әсер етеді. Бүгінгі ойында осы бір қос футболшының жетпейтіні сезілді.

- Командаға жаңадан қосылған футболшылар жайлы не айтасыз?

- Елдос (Ахметов), Иличевич, Жуков - бәрі команданы күшейте түсті. Олар өздерін жақсы қырынан көрсетеді деп ойлаймын.

- Өзіңізге қандай баға бересіз?

- Маусымға жақсы дайындалдым. Егер тұрақты алаңға шығып тұрсам, бабыма келуге екі-үш ойын жеткілікті. Алдағы маусымда неше гол соғатынымды білмеймін, ең бастысы "Қайратпен" ел біріншілігін жеңу қажет. Суперкубоктың бізге бұйырғанына қуаныштымын.

Айта кетейік, бүгін Алматының Орталық стадионында Қазақстан Суперкубогы үшін "Қайрат" пен "Астана" күш сынасқан болатын. Екінші таймда Сесар Арзо мен Исламбек Қуаттың соққан голдары Кахабер Цхададзенің шәкірттеріне жеңіс сыйлады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама