Сауалнама нәтижесі бойынша қыркүйек айының ең үздік бас бапкері болып Алексей Шпилевский атанды. Белорусиялық маманға өз дауыстарын отандық командалардың 5 бапкері берді.
Естелік жүлдені Шпилевскийге Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев табыстады.
Айта кетейік, 18 қазан күні Шпилевский жаттықтыратын "Қайрат" командасы талдықорғандық "Жетісу" ұжымын 4:2 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынды сақтап қалды.