КПЛ
1 ақпан 2021 16:56

Шетелде ойнаған қазақстандық футболшы "Шахтер" сапында қаралымнан өтуде

Қарағандылық "Шахтер" 24 жастағы қазақстандық қорғаушы Карам Сұлтановқа көз тікті,- деп хабарлайды KazFootball.kz. Футболшы қазірдің өзінде "Шахтердің" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

2020 жылдың тамызынан 2021 жылдың қаңтарына дейін Карам Сұлтанов Әзірбайжан чемпионатында өнер көрсететін "Сумгайт" клубында доп тепті. Қорғаушы ол клуб үшін 7 матч өткізді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сұлтанов командадан артық салмақ мәселесіне байланысты кетіп қалған.

Қазақстан жастар құрамасының экс-қорғаушысы бұған дейін "Ордабасы", "Каспий", "Бәйтерек" және "Қызыл-Жар" клубтарының намысын қорғаған. Жалпы, Қазақстан Премьер-лигасында 24 матч өткізді.