Қарағандылық "Шахтердің" ресейлік қорғаушысы Евгений Гапон Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсететін "Кубань" командасына қайта оралатын болды, деп хабарлайды Meta-Ratings.kz. Ол аталған командада 2016 және 2019 жылдары өнер көрсеткен.
Гапон қарағандылық команда сапында Магомед Адиевтің шақыртуымен "Химки" сапынан келген болатын. Осы уақытқа дейін ол Қазақстан біріншілігінде бес ойынға қатысты. Қорғаушы отбасылық жағдайына байланысты Ресейге қайта оралып жатыр екен.
Гапон "Кубань" сапында едәуір аз ақша алатынына қарамастан, ауысуға келісім берген.