fsXcheeHQcQzCqEF9X8lpbP4xsHnTRosvGQQALM1
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Шахтердің" бас бапкері ел біріншілігіндегі басқа бір клубтың тізгінін ұстауы мүмкін

"Шахтердің" бас бапкері ел біріншілігіндегі басқа бір клубтың тізгінін ұстауы мүмкін
Саулюс Ширмялис. Сурет "Шахтер" клубының ресми сайтынан алынды
Қарағандылық "Шахтердің" бас бапкері Саулюс Ширмялис жуық арада ел біріншілігінде өнер көрсететін басқа бір клубтың тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қазіргі уақытта литвалық маманның өкілдері ел біріншілігінде өнер көрсететін екі клубпен келіссөздер жүргізіп жатыр. Тарқатып айтсақ, қостанайлық "Тобыл" және павлодарлық "Ертіс" клубтары. 

Қостанайлық "Тобыл" әлі де болса ресейлік маман Роберт Евдокимовтың қызметінен кетпегенін хабарламаса да, оның орнын басатын маман іздестіріп жатыр. Ал "Ертіс" болса жуырда бас бапкері Вячеслав Грозныйдың қызметінен кеткенін хабарлаған еді. 

Болгариялық басылымдардың мәліметі бойынша, павлодарлық клубтың тізгінін ұстауға "Алтайдың" бұрынғы бапкері Илиан Илиев ұстауы мүмкін екен. 

Бұған дейін "Ақжайық", "Ордабасы" Қазақстан жастар құрамасы мен "Шахтердің" тізгінін ұстаған Ширмялис те ел біріншілігінде өнер көрсететін клубтардың бірін баптауы мүмкін. Бұл маманның бастамасымен "Шахтер" клубы Бірінші лигаға түсіп қалды. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар