Қарағандылық "Шахтер" командасы украиналық шабуылшы Евгений Павловпен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
29 жастағы шабуылшының соңғы командасы сербиялық "Радник" командасы болды. Бұл командадан бөлек Павлов украиналық "Волынь" және "Севастополь", ресейлік "Сокол", сербиялық "Младост", венгриялық "Вашаш" және кипрлік "Докса" командаларында өнер көрсеткен.
Евгений Павлов кезінде Украина жастар құрамасы сапында да ойнаған.
Еске салайық, 2-наурыз күні "Шахтер" Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалында "Астана" командасына қарсы ойнады.
Өткен маусымда кеншілер ел біріншілігінде төртінші орын алған болатын. Алдағы маусымда енді бұл команда УЕФА-ның жаңа турнирі Конференция лигасында ойнайды.