"Шахтер" мен "Атырау" клубтарының ойыншылары вирус жұқтырып алуы мүмкін

Сурет: mediasat.info
"Шахтер" мен "Атырау" клубтары Қазақстан біріншілігінің қайта басталуына дайындық барысында ұйымдастырылған жолдастық кездесуді өткізбейтін болды, деп хабарлайды Айдын Қожахмет өзінің telegram каналында. 

Ойынды неге өткізбей қойғанына байланысты нақты себеп жоқ. Дереккөздің айтуынша, "Шахтердің" бірнеше ойыншыларының температурасы көтерілген екен. 

Негізі футболшылар кеше ғана COVID-19 індетіне тест тапсырып, барлығының нәтижесі жақсы болған. Енді олар ертең қайта тест тапсырады. 

Еске салайық, бұған дейін елорадалық "Астана" клубының бірдеше өкілі вирус жұқтырып алуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. 
.
Метки:
Жаңалықтар