"Шахтер" Қазақстан жастар құрамасының қақпашысымен келісімшарт жасады

Сурет "Ақтөбе" сайтынан алынды.

Қарағандылық "Шахтер" қазақстандық қақпашы Игорь Трофимецпен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Трофимец - "Ақтөбе" футбол мектебінің тәлімгері. Ол карьерасын 2013 жылы "Ақтөбе Ж" командасында бастаған. Ал Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы маусымын 2016 жылы "Ақтөбе" сапында өткізіп, 36 кездесуге қатысқан. Қақпашы осы маусымды шымкенттік "Ордабасы" командасы сапында бастаған болатын. 

24 жастағы голкипер Қазақстан жастар құрамасы сапында да өнер көрсеткен. 

Айта кетейік, биыл "Шахтер" Конференция лигасына қатысады. "Кеншілер" жарысты екінші кезеңнен бастайды. Бұл кезеңде қарағандылық команданың қарсыласы румыниялық "Стяуа" болады. Ойындар 22 және 29 шілдеде өтеді. 

 

Метки:
Жаңалықтар