КПЛ
3 тамыз 2020 16:20

"Шахтер", "Ертіс" және бірнеше қазақстандық командада ойнаған футболшы қайтыс болды

Сурет "Ақсу" командасының сайтынан алынды.
Қазақстандық бірнеше команданың намысын қорғаған Николай Каллябин 51 жасында қайтыс болды,- деп хабарлайды KazFootball.kz. Қақпашының неден қайтыс болғаны белгісіз. 


Павлодар футбол мектебінің түлегі карьерасын 1988 жылы "Трактор" командасында бастады. Бұл команданың атауы кейіннен "Ертіс" болып өзгерді. "Ертіспен" бірге ол 1993 жылы Қазақстан чемпионы атанды. 

1994 және 2008 жылдар аралығында ол ақмолалық "Цесна", өскемендік "Восток", семейлік "AES-Елімай", "Екібастұз", қарағандылық "Шахтер" және "Ақсу" командаларының намысын қорғады. 

Жалпы, ол Қазақстан премьер-лигасында 191 кездесу өткізіп, 234 гол соққан. 

Калябин карьерасын 38 жасында аяқтады. Содан соң Павлодардағы ДЮСШ командасында жұмыс істеді. 2018 жылы Біріншілік лигада өнер көрсететін "Ақсу" командасының бапкерлерінің қатарына қосылды.