"Шахтер" Беларусь құрамасының шабуылшысын қатарына қосты
Қарағандылық "Шахтер" командасы Беларусь құрамасының шабуылшысы Евгений Шикавкамен келісімшарт жасау туралы бітімге келді. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлап отыр.
Қарағандылық "Шахтер" командасы Беларусь құрамасының шабуылшысы Евгений Шикавкамен келісімшарт жасау туралы бітімге келді. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлап отыр.
Қазіргі уақытта 28 жастағы футболшы минскілік "Динамо" сапында. Ал оған дейін "Славию-Мозырь", "Крумкачы" және "Слуцк" намысын қорғаған.
Шабуылшы бір бір жылдай Грекия біріншілігінде "Лариса" командасында ойнаған. Бұл команда сапында ол 15 кездесуге қатысып, бір гол соққан.
Жалпы Шикавка Беларусь біріншілігінде 123 кездесуге қатысып, 30 мәрте көзге түскен. Сондай-ақ ол екі рет Беларусь құрамасы сапында ойнаған.
Жарнама