КПЛ
12 наурыз 2017 20:37
 
Шабуылды соңына дейін жеткізе алмадық - Станимир Стойлов

  Пікірлер

blog.share

Шабуылды соңына дейін жеткізе алмадық - Станимир Стойлов "Астана" ФК ресми сайтынан

Елордалық команданың бас бапкері Станимир Стойлов ойын туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды "Астана" клубының баспасөз қызметі.

- Біз 90 минут бойы алаңда "Ертістен" бір бас жоғары ойнадық деп сенімді айта аламын. Допты да, ойынды да өз бақылауымызда ұстадық. Гол соғатын көптеген мүмкіндік болды. Алайда, шабуылды соңына дейін жетізе алмай жаттық. Стандарттық жағдайда өз қақпамызға гол жіберіп алдық. Алдағы уақытта дәл мұндай қателіктер жіберуге болмайды. "Ертіс" жақсы қорғана білді. Осыған дейінгі өткізген екі кездесумен салыстырғанда бүгін біз жақсы ойнадық. Біздің қазіргі бас ауруымыз шабуылды соңына дейін жеткізу мәселесін шешуіміз қажет.

- Станимир, Ллуллакудың бүгінгі ойынына қандай баға бересіз?

- Ойынның алғашқы кезеңінде кішкене өзін таба алмағандай көрінді. Екінші таймда Аздрен жиналып, жақсы ойнады. Лулуға кішкене уақыт керек. Ол өзінің бабына келетін күн де алыс емес. Мен жоғарыда атап өткендей, бізге шабуылдағы мәселені шешу қажет. Кабананга әлі де Африка Ұлттар Кубогынан шыға алмай жүр. Ол тезірек оянып, шынайы ойынын табады деген ойдамын. Твумаси өзінің бабын әлі таппады.

- Логвиненко бүгін орталық алаңда ойнады. Бұл туралы не айтасыз? Уақытша ма, әлде алдағы ойындарда да осылай жалғаса ма?

- Бізде орталық алаңда ойнайтын ойыншы жоқ. Сондықтан Юрий бүгін орталық қорғаушының қызметін атқарды. Негізі бұл позицияда Абзал Бейсебеков немесе командадағы жас ойыншылардың бірі ойнау керек болған. Өкінішке қарай Абзал жарақатына байланысты бүгінгі кездесуге қатыса алмады. Біз Юрийге сенім арттық. Ол өзіне артылған міндетті мүлтіксіз орындап шықты.

- Ненад Эричтің денсаулығы қалай?

- Денсаулығы жақсы. Мокин команданы ешқашан қиын жағдайға қалдырған емес. Бүгін де жақсы ойнады.

blog.share
Елордалық команданың бас бапкері Станимир Стойлов ойын туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды "Астана" клубының
баспасөз қызметі.

Жарнама

Живи спортом!