Сергей Малый "Тобыл" сапын толықтырды
Елордалық "Астана" клубының бұрынғы қорғаушысы Сергей Малый "Тобыл" сапына ауысты, деп жазады Vesti.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордалық "Астана" клубының бұрынғы қорғаушысы Сергей Малый "Тобыл" сапына ауысты, деп жазады Vesti.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа клубымен 26-жастағы қорғаушы бір жылдық келісім-шарт жасаған.
Айта кекейік, Украина футбол мектебінің түлегі Сергей Малый Қазақстан біріншлігіне 2013 жылы ауысып келді. Сол жылы қорғаушы қарағандылық "Шахтер" сапында өнер көрсетіп, Қазақстан Республикасының азаматтығын алды.
Ал, 2015 жылы шымкенттік "Ордабасы" сапына ауысып, ел біріншілігінде 22 кездесу қатысып, 2 гол соққан еді.
Өткен маусымды бойшаң қорғаушы "Астана" сапында бастап, маусымның ортасында павлодарлық "Ертіске" жалға берілген еді.
2014 жылы Сергей Малый Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы кездесуін өткізді. Осы уақытқа дейін ол ұлттық құрама сапында 15 кездесуге қатысып үлгерді.
Жарнама