КПЛ
13 сәуір 2018 11:48
 
Сергей Хижниченко жарты жылға қатардан шығып қалды

  Пікірлер

blog.share

Сергей Хижниченко жарты жылға қатардан шығып қалды ©Kazfootball

Қазақстан ұлттық құрама командасының және "Ордабасы" футбол клубының шабуылшысы Сергей Хижниченко ауыр жарақат салдарынан маусымның қалған бөлігін өткізіп алуы мүмкін.

26 жастағы форвард жаттығу кезінде тізеден ауыр жарақат алды. Тексеру кезінде дәрігерлер тізенің айқыш (крест тәрізді) байламдарының үзілгенін анықтаған. Жуық арада шетелдің емханалардың бірінде ойыншының тізесіне ота жасалады. Одан кейін ұзақ уақыт емделуі тиіс. Әдетте мұндай жарақаттан кейін футболшылар жарты жылға алаңға шыға алмайды.

Айта кетейік, чемпионаттың осы маусымында дәл осындай жарақат екінші рет қайталанып отыр. Үшінші турда «Атыраудың» жас қорғаушысы Дәурен Мәжитовтің де тізесінің айқыш байламы үзілген болатын.

Жарнама

Живи спортом!