Сербиялық шабуылшы Боян Дубайич “Ақтөбе” сапынан кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
30 жастағы форвард командамен келісімшартты бұзу туралы мәмілеге келген.
Дубайич биыл Қазақстан чемпионатында 15 кездесуге қатысып, үш гол соққан.
Осыған дейін шабуылшы сербиялық “Инджия” және “Раднички”, швейцариялық “Лугано” мен “Ле Монт” сондай-ақ беларусьтік БАТЭ командаларының намысын қорғаған.