КПЛ
26 қаңтар 2018 12:32
 
Сербия біріншілігінің қола жүлдегері "Жетісу" сапына ауысты

  Пікірлер

blog.share

Сербия біріншілігінің қола жүлдегері "Жетісу" сапына ауысты ©:sports.ru

30 жастағы сербиялық шабуылшы Милан Бойович "Қайсар" сапынан "Жетісуға" ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Шабуылшы 2017 жылдың шілдесінен бері "Қайсар" сапында өнер көрсетіп келген еді. Бірақ қызылордалық клуб сапында ол керемет ойынымен көзге түсе алмады. Ел біріншілігінің 13 ойынына қатысып, 1 гол соқты. Сонымен қатар төрт рет сары қағаз алып, бір рет алаңнан қуылды. Бойович трансфер нарығындағы құны 500 мың еуро. 

Милан Бойович карьерасын 2004 жылы "Раднички Стобекс" клубында бастаған. 2005 жыды "Срем" клубына ауысқан. Содан соң "Телеоптик" командасында ойнады. Кейін "Чукарички", "Ягодину", "Войводину", "Младост" секілді сербиялық, "Панетоликос", "Лариса" секілді грекиялық және израильдік "Бней Сахнин" клубтарының намысын қорғаған. 

"Жетісу" сапына ол еркін агент ретінде ауысып отыр. 

Еске салайы, 2017 жылғы маусымның қорытындысы бойынша, "Жетісу" премьер-лигада ойнау құқығына ие болды. Қысқы трансферлік кезеңде талдықорғандық клубтың қатарын Елжас Алтынбеков, Джурахон Бабаханов, Рауль Джалилов, Нурлыбек Аязбаев, Мантас Куклис, Эдгар Малакян секілді ойыншылар толықтырды. 

Жарнама

Живи спортом!