КПЛ
21 желтоқсан 2020 18:27

Самат Смақов қазақстандық клубтың директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін

Сурет "Ақтөбе" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов жаңа жылдан кейін талдықорғандық "Жетісу" командасының директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін,- деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Команданың қазіргі директоры Серік Мұқанов, спорттық директоры Руслан Балтиев және бас бапкері Дмитрий Огай командадан кетеді. Олар "Жетісу" сапында үш жыл жұмыс істеді. 

Талдықорғандық команда өткен Қазақстан біріншілігінде алтыншы орын алды. Осылайша команда үздік үштікке кіру деген тапсырманы орындай алмады. 

Смақов командада ауыс-түйістер жасайды екен. Ол ұжымның басшыларынан бастап, бас бапкерге дейін ауыстыруға ниетті. 

Айта кетейік, Смақов футболшы ретінде "Елімай", "Ертіс", "Ростсельмаш" (Ресей), "Жеңіс", "Қайрат", "Ақтөбе", "Ризеспорт" (Түркия) және "Ордабасы командаларында ойнаған. 

2018 жылдың қаңтары мен 2019 жылдың желтоқсаны арасында "Ақтөбе" командасының бас директоры қызметін атқарған.