Самат Смақов "Астана" командасының спорт директоры болып тағайындалады

Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.

Елордалық "Астана" командасының жаңа спорт директоры болып Самак Смақов тағайындалады. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлап отыр. 

42 жастағы Смақов "Ариске" қарсы кездесуге қатысып, елордалық команданың ойынын арнайы қонақтар отыратын орыннан тамашалаған. 

23 шілде күні ол "Ордабасы" командасымен кубоктік ойынға Петропавл қаласына барады. Содан соң елордаға оралады. Смақовты ресми тағайындағаны туралы ақпарат жақын күндері шығуы керек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар