Жуырда ғана ресейлік
«Арсеналдың» сапынан кеткен
Руслан Мухаметшин мансабын қазақстандық командалардың бірінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі
Sportbox.ru сайтына сілтеме жасай отырып.
— Алдағы екі-үш күнде бар мәселе шешіледі деп ойлаймын. Қазір Ресейде өнер көрсететін команда табу қиын. «Арсеналдан» кетуім біраз уақытты алып қойды. Ал қазір барлық дерлік командалардың қатары толық, - дейді Мухаметшин ресейлік БАҚ өкілдеріне.
Айта кетейік, бұған дейін 35-жастағы футболшыға «СКА-Хабаровск» клубының бас бапкері Андрей Гордеевтің өзі қызығушылық танытқан болатын. Мухаметшин қазақстандық командалардан бөлек, Балтық елдерінің ұжымдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Жарнама