4GBPzh0aaePssrsURV6GyrUz8WA8tGQsmA29C45s
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Румыния құрамасының бұрынғы қорғаушысы "Ертіс" сапына ауысуы мүмкін

Румыния құрамасының бұрынғы қорғаушысы "Ертіс" сапына ауысуы мүмкін
© libertatea.ro
Румыниялық қорғаушы Срджан Лукин карьерасын павлодарлық "Ертіс" сапында жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы "Тема Спорт" басылымы хабарлайды. 

Қазіргі уақытта қорғаушы софиялық "Левски" клубында өнер көрсетеді. Болгариялық клуб онымен келісімшартты ұзартуға ниетті. Бірақ жалақасын екі есе азайтып. Лукин қазіргі командасында айына 20 мың еуро алып, командадағы ең көп жалақы алатын футболшылардың қатарында. 

Қорғаушының "Левскимен" келісімшарты осы жылдың маусым айында аяқталады. Сондықтан да футболшыда қаңтар айынан бастап басқа клубтармен келіссөз жүргізуге құқығы болды. Бұл мүмкіндікті оның агенттері пайдаланып, бірнеше клуб қызығушылық білдірген. Оның ішінде Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін павлодарлық "Ертіс" те бар. Бұл ойыншыны "Ертістің" бас бапкері Димитар Димитровтың өзі шақыртып жатыр екен. Алайда ұжым жылына 200 мың еуро деп сұрап отырған қорғаушының ұсынысымен келіспей отыр. 

31 жастағы Лукин "Левски" сапында 2016 жылдан бастап қнер көрсетіп келеді. Бұл клубтың сапында ол Болгария біріншілігінде 22 кездесуге қатысқан. Ал бұған дейін ол "Ботев", "Динамо", "Стяуа" және Тимишора" секілді клубтарда ойнаған. 

2011 жылдың тамызында ол Румыния ұлттық құрамасын сапында алғашқы кездесуін өткізген. Сол уақыттан бері құрамасының сапында 11 ойын өткізіп, 1 гол соғыпты. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар