"Рома" Өзбекстан құрамасының шабуылшысын өз қатарына қосуы мүмкін

Сурет: uz.sputniknews.ru

Италиялық "Дженоа" командасының өзбекстандық шабуылшысы Эльдор Шомуродов "Рома" сапына ауысуы мүмкін. 

Il Tempo басылымы таратқан ақпарат бойынша, 26 жастағы шабуылшыға римдік команданың бас директоры Тиагу Пинтудың өзі қызығушылық білдіріп отыр. Римдік команда "Дженоаға" ұсыныс жасаған. Трансфер 15 миллион еуроға бағаланып отыр. 

"Рома" өзбекстандық шабуылшы үшін Педроны қосып беруге дайын. Қазіргі уақытта екі клуб арасында қызу келіссөз жүруде. 

Айта кетейік, өткен маусымда "Ростовтың" бұрынғы шабуылшысы Италияның А сериясында 31 кездесуге қатысып, 8 гол соғып, 1 голдық пас берді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар