КПЛ
28 маусым 2017 16:45
 
Рохер Каньяс "Астанадан" кеткенін хабарлады

  Пікірлер

blog.share

Рохер Каньяс "Астанадан" кеткенін хабарлады

Елордалық "Астана" клубының колумбиялық жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс клубтан кетті, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Астана" сапында ол 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Бұл уақыттың ішінде Каньяс 128 кездесуге қатысып, 17 гол соқса, 12 нәтижелі пас берген. Елордалық ұжыммен үш рет Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңді. Сонымен қатар Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасында өнер көрсетті. 

2017 жылдың бірінші айнамылымын Каньяс АПОЭЛ сапында өткізіп, Кипр чемпионы атанды. 

"Барлығына рақмет, сағынатын боламын. Жуық арада қайта көрісеміз ...", - деп жазда қалдырды жартылай қорғаушы Instagram парақшасында. 

Бұған дейін 27 жастағы футболшының қарағандылық "Шахтер" сапына қайта оралуы мүмкін деген әңгіме шыққан еді. Бұл клубтың сапында ол 2012 және 2013 жылы өнер көрсеткен. "Кеншілермен" ол Қазақстан чемпионы атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты. 

Қазақстанға келерге дейін Каньяс полшалық "Ягеллония", ресейлік "Сибирь", латвиялыұ "Транзит" және колумбиялық "Индепендьенте Медельин". клубтарының намысын қорғаған. 

Қазақстан Премьер-лигасындағы трансферлік терезе 10 шілде күні ашылады. Жартылай қорғаушы сол кезде жаңа жұмыс орнына орналасатын шығар. 

Жарнама

Живи спортом!